Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Жорабек Мирза Махмудов елінің Иранмен электр энергиясы саласында ынтымақтастыққа толық дайын екенін мәлімдеді.
Иранның Энергетика министрі Али Акбар Мехрабиан мен Өзбекстанның Энергетика министрі Жорабек Мирза Махмудов кездесуде Иран мен Өзбекстанның электрмен алмасу саласындағы ынтымақтастық тақырыбын талқылады.
Мехрабиан Иран, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан арасында төрт жақты электр қуатымен алмасу мүмкіндігінің бар екенін, алмасуды дамытуға болатынын мәлімдеді.
Кездесуде тараптар ирандық мықты компаниялардың Өзбекстанмен электр жобаларын жүзеге асыруда ынтымақтасу мүмкіндігі, осы елде электр жабдықтарын экспорттау және жабдықтарды өндіру желісін салу саласындағы дайындығы мен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жол картасын дайындауға баса назар аударды.
Мехрабиан кездесуде Иран мен Өзбекстан президенттерінің келіссөздерінен кейін екі жақтың мәдени, тарихи және саяси қарым-қатынасымен бірге экономикалық қарым-қатынасын ілгерілету туралы шешім қабылданғанын еске салды.
















