Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан онлайн режимінде кездесу өткізді.
ӨР СІМ хабарлауы бойынша 2023 жылғы 28 тамызда министрлер екіжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілерін – саясаттан экономикалық дипломатияға дейін талқылады.
Кездесу нәтижесінде Сыртқы істер ведомстволарының басшылары екіжақты қарым-қатынастардағы бірлесіп шешілетін негізгі міндеттер көрсетілген Өзбекстан мен Иран Сыртқы істер министрліктері арасындағы «Жол картасына» қол қойды.
![]()


















