Өзбекстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын аптасына 70-ке дейін арттыруды жоспарлауда.
ӨР Көлік министрлігінің хабарлауынша бұл келісімге Өзбекстан Көлік министрлігі делегациясының Сауд Арабиясы Корольдігінің авиация әкімшілігімен жүргізген келіссөздері барысында қол жеткізілді.
Келіссөздер барысында Ташкенттен Сауд Арабиясының қалаларына әр жағынан аптасына 14 рейс, сондай-ақ Өзбекстанның халықаралық әуежайы бар кез келген қаласынан Сауд Арабиясының халықаралық әуежайы бар кез келген қаласына 21 рейс, барлығы 35 рейс орындау туралы келісімге қол жеткізілді.
Соның нәтижесінде Өзбекстаннан қажылық пен умраға баратын зияратшыларға, сондай-ақ «Умра плюс» бағдарламасы бойынша Өзбекстанға қажылық туризміне келетін шетелдік туристер үшін үлкен мүмкіндіктер жасалады.



















