Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов сотталған 302 адамға Халықаралық бейтараптық күніне орай кешірім жасау туралы Жарлыққа қол қойды.
TDX агенттігінің хабарлауына сәйкес, Сердар Бердімұхамедов желтоқсанның 11 күні Түркіменстанда сотталған, бірақ істеген ісіне шын жүректен өкінетін 302 азаматқа, соның ішінде 6 шетел азаматына рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды.
Комиссия төрағасына құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, сотталғандарды бас бостандығынан айыру мекемелерінен шығару және жақын арада отбасыларына қайтару бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Велаяттардың, этраптардың және қалалардың әкімдеріне, сондай-ақ басқа да басшыларға рақымшылық жасалған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.



















