Түркіменстанның Балқан уәлаятында Иран Ислам Республикасының Гүлстан провинциясының экспорттық мүмкіндіктеріне арналған мамандандырылған көрме өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, көрме Балқан уәлаятының әкімшілік орталығы Балқанабат қаласының көпфункционалды сауда орталығында 20–22 қараша күндері өтеді.
Гүлістан провинциясының экспорттық мүмкіндіктеріне арналған мамандандырылған көрмені Түркіменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы Иран аймағының экспорттық әлеуетін көрсету және көрші екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.
Шараға Иранның 40-қа жуық компания өкілдері мен кәсіпкерлері және Гүлстан губернаторының экономикалық сарапшылар тобы қатысады деп жоспарланған.
Бұл бастама Иранның Инче-Борун еркін сауда аймағының дамуына және Гүлстан мен Балқан арасындағы сауда байланысының нығаюына әкеледі деп күтілуде.


















