Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 тамызда АҚШ Сенатының Ұлттық қауіпсіздік және үкімет істері комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Өзбекістан-Америка стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және ең алдымен екі ел парламенттері арасындағы диалог аясында практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды ілгерілету мақсатында парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Аймақтық күн тәртібі бойынша, оның ішінде АҚШ Президентінің бастамасымен Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтетін С5+1 форматындағы алдағы бірінші саммитке дайындық мәселелері бойынша пікір алмасу болды.


















