Премьер-министр Абдулла Арипов басқарған Өзбекстанның үкіметтік үлкен делегациясы Тәжікстан астанасы Душанбеге барады.
Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов мәлімдеді.
Наурыздың 11-12 күндеріне жоспарланған сапар барысында Өзбекстан және Тәжікстан премьер-министрлерінің қатысуымен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Өзбекстан үкіметі делегациясының Душанбе сапары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен ұйымдастырылды.
Еске салайық, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы 2023 жылғы мамырдың 13 күні Өзбекстан астанасы Ташкентте екі елдің премьер-министрлері Кохир Расулзода мен Абдулла Арипов басқарған делегациялар арасында өтті.
Тараптар кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 22 қазанда орнатылды. 2018 жылғы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның бір-бірінің еліне жасаған алғашқы мемлекеттік сапарларының нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.




















