Украина президенті Владимир Зеленский Рим Папасының «ақ туды» көтеру туралы ұсынысын сынға алды.
EADaily сайтының хабарлауынша, Владимир Зеленский 10 наурыз күнгі видеоүндеуінде «ең мықтылар өз халқын ойлап, ақ туды көтергендер» деген Рим Папасының келіссөзге келуге шақырған ұсынысына жауап берді.
Зеленский бұл ұсынысқа жауап ретінде Ресей соғысында әскерлермен бірге болып, елді дұға және сөздерімен қолдаған украиналық дін қызметкерлерінің әрқайсына алғысын білдірді. Украина президенті олардың соғыста бірге болып қолдауын «шіркеудің адамдармен бірге болуының көрінісі» деп атады. Зеленский екі жарым мың шақырым жерде өмір сүріп, виртуалды арағайындық етуді шіркеуге жатпайды деп санайды.
Рим Папасы Францисктің 9 наурыз күні жарияланған Швейцарияның RSI арнасына берген сұхбатында өзекті мәселелер айтылды.
Сұхбатта Рим Папасы Франциск Украинаны «ақ туды» көтеруге және Ресеймен соғысты тоқтату туралы келіссөз жүргізуде батылдық танытуға шақырды.
Бұл мәлімдемеден кейін бірден Киев пен бірқатар еуропалық саясаткерлер реакция танытты.



















