Eurasiatoday
Понедельник, 30 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Зеленский: Біз өз жеріміз үшін күресіп жатырмыз

  • Әлем, Сұхбат
  • 9 декабря, 2023 09:36

Loading

Украина президенті Владимир Зеленский Associated Press агенттігіне сұхбат беріп, майдан шебіндегі ахуал жайлы айтты.

Украинаның контр-шабуылы жайлы қойылған сауалға Украина президенті: «Украинадағы соғыс жаңа кезеңге өтті. Бұл факт. Бұл соғыстың жаңа кезеңі. Біз әлемнің екінші әскерімен соғысып жатырмыз. Қараңыз, біз шегініп жатқан жоқпыз. Алайда біз көп сарбазымыздан айырылып жатырмыз. Қаншама бейбіт тұрғынымыздан айырылдық. Бұған әрине, қапалымын. Біз қажет қару-жарақты толық алған жоқпыз. Жауды ығыстырып шығару үшін қажет қару-жарақ әлі жеткіліксіз. Бұған көңілім толмайды. Бірақ, жер сабалап, жылағалы тұрған да жоқпын», — деді.

Ресейдің Қара теңіз флотына жасалған шабуыл туралы қойылған сұраққа Зеленский: «Қысқы соғыс сол үшін де қиын деп дабыл қағып жатырмыз. Украинаның қарсы шабуылына қатысты айтар болсам, біз бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келді. Өкінішке қарай, біз жоспарымыздағы нәтижеге жете алмадық. Бұл да бұлтартпас факт. Себебі, одақтастарымыздан қажет қару-жарақты толық алмадық. Шектеулі беріліп жатқан техникалар жылдам қарсы шабуылдауға мүмкіндік бермейді.

Тақырыпқа орай:

Трамп Киевті президент сайлауын өткізуге мәжбүрлей алмайды

Трамп Киевті президент сайлауын өткізуге мәжбүрлей алмайды

17.10.2026

Адам күші де жеткіліксіз. Бірақ бұл бізге шегіну керек деген сөз емес. Біз өзгенің дүниесі үшін емес, өз жеріміз үшін күресіп жатырмыз. Соңғы айларға қарасаңыз, біз әжептәуір алға жылжып келеміз. Сөзсіз, қарсыласымыздың бес қаруы сай. Дегенмен, біздің шабуылымыздан соң, Ресейдің Қара теңіз флотындағы күші азайды. Біз Ресейдің әуе қорғанысын бұзып өтіп, оккупацияланған Қырымдағы Қара теңіз флотының штабына соққы жасадық», — деді.

Зеленский Украинаның импортқа тәуелділіктен арылуы үшін өзінің қару-жарақ өндірісін күшейтуге күш салып жатқаны жөнінде: «Бұл үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Бірақ, қазіргі өндірістің көлемі соғыс тағдырын өзгертуге жеткіліксіз. Біз қазір АҚШ бастаған одақтастарымыздың Украинаның әскери өндірісіне несие беруі мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл қазіргі тығырықтан шығар бір жол. Себебі, Ресейді Украинаның өзінің бес қаруы сай болуы ғана қатты үрейлендіреді. Басқа ештеңе де емес!»,-деп жауап берді.
Зеленский Таяу Шығыстағы соғыс Украинадағы соғысқа да кесірін тигізетінін, әлем назарын Украина соғысынан бұрып әкетуі мүмкін екенін сөз етті.

«Біз қазірдің өзінде ол соғыстың біздегі соғысқа тигізген кері әсерін көріп отырмыз. Қазір біз тек басқыншыларға ғана күрес жүргізіп жатқан жоқпыз. Біз әлем назарының ауып кетпеуі үшін де күресудеміз. Біз мұндағы қанқасап соғысты ұмыттырмауға барымызды саламыз», — дейді Украина президенті.

Зеленский Украинада өтуі тиіс болған президент сайлауы туралы сұрақтарға да жауап берді. Украина президенті бұл туралы: «Бұл соғыс біздегі президент сайлауын шегеруге мәжбүрлеп отыр. Мен басында сайлау өткізуге қарсы еместігімді айтқан едім. Бірақ дәл қазір бұл қауіпті. Елде толық масштабты соғыс жүріп жатыр. Президенттік қызметті атқару оңайға соғып жатқан жоқ. Бірақ, дәл қазір сайлау өткізе алмаймыз. Бұл өте қауіпті», — деді.

Зеленский сұхбатында Ресеймен келісімге келу туралы еш тараптан қысым жасалып жатпағанын нақтылап: «Әйтсе де, бірлі-жарым әңгіме айтылып жатыр», — деп түйіндеді.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Владимир ЗеленскийУкраина
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Трамп Киевті президент сайлауын өткізуге мәжбүрлей алмайды

Трамп Киевті президент сайлауын өткізуге мәжбүрлей алмайды

17.10.2026
Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

16.10.2026
Трамптың қадамы: Ресей дизеліне санкция жеңілдетіліп, Киевке қысым жасалуда

Трамптың қадамы: Ресей дизеліне санкция жеңілдетіліп, Киевке қысым жасалуда

12.10.2026
Казем Джалали: Украина «Ана» кемесіне келтірілген шығынды өтеуі тиіс

Казем Джалали: Украина «Ана» кемесіне келтірілген шығынды өтеуі тиіс

21.08.2026
Иран: Украина келтірілген шығынды өтемесе, тиісті шара қолданылады

Иран: Украина келтірілген шығынды өтемесе, тиісті шара қолданылады

11.08.2026
Иран СІМ: Украинаның Каспий теңізіндегі кемеге жасаған шабуылы — қасақана әрекет

Иран СІМ: Украинаның Каспий теңізіндегі кемеге жасаған шабуылы — қасақана әрекет

03.08.2026
Иран кемесіне жасалған шабуыл НАТО-ның антиирандық стратегиясының бір бөлігі

Иран кемесіне жасалған шабуыл НАТО-ның антиирандық стратегиясының бір бөлігі

31.07.2026
Тегеран мен Киев арасындағы дипломатиялық шиеленіс күшейді

Тегеран мен Киев арасындағы дипломатиялық шиеленіс күшейді

27.07.2026
Иран Украинадағы қақтығыстың түпкі себептерін жою қажет деп санайды

Иран Украинадағы қақтығыстың түпкі себептерін жою қажет деп санайды

26.02.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Армения мен Әзірбайжан бейбіт келісім жасасуға ниетті

Армения мен Әзірбайжан бейбіт келісім жасасуға ниетті

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.