Жапаров пен Рахмон қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылады.
Қырғыз Республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 14 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Екі ел басшылары қырғыз-тәжік екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, кең ауқымды тақырыптарды, соның ішінде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылады.
Мемлекеттер басшылары сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алдағы Бесінші Консультативтік кездесуі туралы пікір алмасты.
Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон екі мемлекет пен халықтар арасындағы тату көршілікті нығайту мақсатында тұрақты саяси диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша ашық әрі мазмұнды әңгімеге дайын екендіктерін білдірді.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 14 қыркүйекте Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін Душанбе қаласына жұмыс сапарымен келді. Президент Садыр Жапаровты Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Қырғыз Республикасының ресми делегациясының құрамында Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Муратбек Азымбакиев, Қырғыз Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрлан Абдылдаев, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев бар.


















