Eurasiatoday
Суббота, 28 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Жапаров: ТМД елдерінде орыс тілін білмей бизнес жүргізу мүмкін емес

  • Сұхбат
  • 11 апреля, 2023 23:05

Loading

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу талаптары күшейтілетінін мәлімдеген болатын. Қырғыз тіліне басымдық – ресми тілді басып-жаншу ма, әлде мемлекет басшысының мәлімдемесіне біреулер жорамал жасауға тырысып жатыр ма? Жапаров Қырғызстанның «Кабар» агенттігінің тілшісіне берген кезекті сұхбатында мемлекеттік органдарда іс-қағаздарын қырғыз тілінде жүргізу мәселесіне жан-жақты жауап берді.

Тілші: Сәлеметсіз бе, құрметті Садыр Нұрғожоұлы!

Жапаров: Сәлеметсіз бе!

Тақырыпқа орай:

Қырғызстанда президент сайлауы келесі жылы өтеді

Қырғызстанда президент сайлауы келесі жылы өтеді

18.02.2026

Тілші: Кеше Министрлер кабинетінің қорытынды отырысында құжаттама қырғыз тілінде жүргізілмейтін кейбір мемлекеттік органдарды сынға алдыңыз. Мұны кейбіреулер бұдан былай мемлекеттік қызметтегі құжаттама орыс тілінде жүргізілмейтіндей қабылдады. Сіз бұл мәселені түсіндіре аласыз ба?
Жапаров: Сөзімді осылай қабылдағандар мені дұрыс түсінбей қалды. Керісінше, біз бүкіл елде орыс тілінің дамуы үшін орасан зор қадамдар жасадық. Келер жылы елімізде Ресей Федерациясының қаржысына 9 орыс тілді мектеп салынады.
Неге мен Министрлер кабинетінің отырысында құжаттама қырғыз тілінде жүргізілсін деп айттым? Өздеріңіз білесіздер, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, әсіресе, аймақтарда орыс тілі пәнінің білікті мұғалімдер саны айтарлықтай азайды. Сол себепті қызметкерлердің құжаттаманы орыс тілінде жүргізу кезінде қателіктер жіберетіні байқалды. Құжаттың бір парағында қарапайым қате көп. Сондықтан сауатты болсын деп қырғыз тілінде жазуды, артына орысша нұсқасын қосуды ұсындым. Мен бар болғаны осыны айтқым келді. Кейбір жағдайларда негізгі құжат қырғыз тілінде, ал қосымша орыс тілінде болады. Шатаспау үшін негізгі құжат қырғыз тілінде болып, оған орысша нұсқасы қоса берілуі қажет. Біз әлі күнге дейін құжаттарды қырғыз тілінен орыс тіліне аударамыз. Конституциямызда орыс тілі ресми тіл ретінде бекітілгені баршаға аян.
Мен тағы бір жайтты атап өткім келеді. Қазіргі уақытта біз мигранттарымызды өз отанында жұмыспен қамтамасыз ету үшін тиісті күш-жігерімізді салып жатырмыз. Бірақ бүгінгі күннің шындығы – мигранттарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясында. Сондықтан Ресейде жұмыс істейтін азаматтарымыз орыс тілін жетік білуі керек. Тілді жоғары деңгейде білу жұмыста өте пайдалы.
Сондықтан былтыр Ресей Федерациясына алғашқы жұмыс сапарым барысында Владимир Владимировичтен осында орыс тілді 9 мектеп салуға көмектесуін өтіндім. Құдай қаласа, келер жылы еліміздің барлық өңірінде мектептер салынады. Бізде орыстілді жақсы мектептер болса, орыс тілінде білім беру сапасы жақсы болса, көріп отырсыздар, 5-10 жылдан кейін орыс тілін жаңа күшпен дамытамыз. Негізінде ТМД елдерінде, ЕАЭО аясында орыс тілін білмей бизнес жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар, орыс тілі БҰҰ аясында кеңінен қолданылады.
Мектептерде ағылшын тілін де жақсы оқытуға тырысамыз. Бірақ әзірге қаржыландыруға қатысты мәселелер бар, өйткені бізге 3000-нан астам мектепке ағылшын тілінен білікті мұғалімдер тарту керек. Оларға тиісті жалақы төлеу керек. Қазір бұл мәселені жан-жақты зерттеп жатырмыз. Жалпы, менің сөзімнен саясат іздеудің қажеті жоқ. Керісінше, балаларымызға тек орыс тілін ғана емес, басқа тілдерді де оқытса нұр үстіне нұр болар еді. Олар неғұрлым көп тіл білсе, соғұрлым еркін саяхаттап, оқи алады. Жастардың көкжиегі артады.

Тілші: Садыр Нұрғожоұлы, әңгімеңізге көп рахмет! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!

Жапаров: Рахмет! Сізге де сәттілік тілеймін!

Сұхбаттасқан: Медербек Шерметалиев

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: орыс тіліСадыр Жапаров
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстанда президент сайлауы келесі жылы өтеді

Қырғызстанда президент сайлауы келесі жылы өтеді

18.02.2026
Қырғызстанда алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді

Қырғызстанда алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді

25.12.2025
Қырғызстанда әскери парад өтіп жатыр

Қырғызстанда әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025
Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгерту идеясын мақұлдады

Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгерту идеясын мақұлдады

31.10.2024
Қырғызстанда III Халық құрылтайы желтоқсан айында өтеді

Қырғызстанда III Халық құрылтайы желтоқсан айында өтеді

25.09.2024
Президент Садыр Жапаров қырғызстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстанда Мемлекеттік Ту жүз метрлік биіктікке көтерілді

31.08.2024
Президент Садыр Жапаров қырғызстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Садыр Жапаров қырғызстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

31.08.2024
Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

07.08.2024
Мирзиеев: Садыр Жапаровтың Өзбекстан сапарының маңызы зор

Мирзиеев: Садыр Жапаровтың Өзбекстан сапарының маңызы зор

19.07.2024

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
ТМҰ самитінде Солтүстік Кипрге қатысты жеке шешімге қол қойылған жоқ

ТМҰ самитінде Солтүстік Кипрге қатысты жеке шешімге қол қойылған жоқ

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.