Жапония Ормұз бұғазына минадан тазарту операциялары үшін өз әскерін жіберу туралы ешқандай шешім қабылдамағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Жапония Министрлер кабинетінің бас хатшысы Минору Кихара бүгін өткен баспасөз мәслихатында Токионың Ормұз бұғазына минадан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін өз әскери күшін жіберу туралы ешқандай жоспары жоқтығын айтты.
Ол Жапония билігі өңірдегі жағдайды, соның ішінде АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер мен шиеленісті азайтуға бағытталған талпыныстардыжіті қадағалап отырғанын қуаттады.
Сондай-ақ, жапондық лауазым иесі Ормұз бұғазындағы навигация қауіпсіздігі өте маңызды екенін, бірақ қазіргі уақытта Жапония тарапынан қандай да бір нақты әскери іс-қимыл қарастырылып жатпағанын мәлім етті.
Айта кетейік, Токио өз мүддесі бар Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясына қатысу үшін мина іздеуші кемелерді жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқанымен әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
New York Times басылымы ресми тұлғаларға сілтеме жасап, Иран өзі орнатқан барлық минаның нақты орналасқан жері туралы мәліметке ие болмауы мүмкін екенін хабарлайды. Мәліметтерге сәйкес, миналарды орнату жұмыстары ретсіз және жүйесіз жүргізілген.













