Жапония Қырғызстанға Шоң-Кемин өзенінде екі шағын су электр станциясын салуға көмектеседі.
Бұл туралы Еуразия Тудей Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, КР Энергетика министрі Таалайбек Ибраев Жапонияға жұмыс сапары аясында MurooSystems корпорациясының президенті Пан Чжунсинмен кездесті.
Екіжақты кездесудің нәтижесінде Қырғызстан Республикасының Энергетика министрлігі мен MurooSystems Corporation компаниясы арасында Шоң-Кемин өзенінде жалпы қуаты 24-25 МВт екі шағын су электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы Инвестициялық келісімге қол қойылды..
Сондай-ақ, Баткен облысында қуаттылығы 100 мегаватқа дейінгі фотоэлектрлік күн станциясының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, меморандум негізінде инвестор өз қаражаты немесе несиелік қаржыландыру есебінен қуаттылығы 100 МВт-қа дейінгі күн фотоэлектр станциясын салуға ниетті. Жапондық компания шағын су электр станциялары мен күн электр станциясын салу жобаларына 100 миллион долларға дейін инвестиция салады.

















