Қарабақта орналасқан Ресей бітімгершілік күштері қолбасшылығының арағайындығымен 20 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап әскери қимылдарды толық тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді.
Таулы Қарабақ билігі атысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Әзірбайжан қорғаныс министрлігі 20 қыркүйекте Таулы Қарабақта «терроризмге қарсы іс-шараларды тоқтата тұру» туралы келісімге қол жеткізілгенін растады.
Тараптар армян бөлімшелері мен әскери қызметшілерін шығару туралы, Таулы Қарабақтың қарулы құралымдарын тарату және толық қарусыздандыру туралы, сондай-ақ «Таулы Қарабақтың аумағынан ауыр техника мен қару-жарақты тез арада жою мақсатында шығару» туралы уағдаласқаны атап өтілген.
Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев әкімшілігінің мәліметінше, бүгін, 21 қыркүйекте Евлахта Таулы Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен «реинтеграция мәселелерін талқылау үшін» кездесу өтеді.
Айта кетсек, Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі 19 қыркүйек күні Таулы Қарабақта «терроризмге» қарсы операцияның басталғанын жариялаған болатын. Қарабақта атыс салдарынан жеті адам көз жұмды және Мартуни қаласының мэрі Азнавур Сагиян қаза тапты.



















