Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев 15 қазанда Таулы Қарабақтағы бірнеше елді мекенді аралап, астанасында Әзірбайжан елінің туын көтерді.
АзерТадж басылымының мәліметінше, Ильхам Әлиев Қарабақ астанасы Ханкенди, Ходжалы қалалары мен Аскеран, Малыбейли ауылдарын, Аскеранск бекінісін, Агдер қаласы мен Сарсанг су қоймасын аралаған.
Ханкенди, Ходжалы, Агдер мен Сарсанг су қоймасында Әзірбайжан туын көтеріп, сөз сөйледі.
Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта әскери операция бастады. 3 күнге жуық уақытқа созылып, нәтижесінде екі тарап келісімге келді.
Әзірбайжан Президенті барлық елді мекенді бақылауға алып, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының 2024 жылы 1 қаңтарда жойылатынын мәлімдеді.



















