Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің Әзірбайжанға сапары барысында Баку қаласындағы Өзбекстан Елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, салтанатты шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Әзірбайжан Президенті Илһам Алиев қатысты.
Екі ел президенттері символикалық лентаны қиып, дипломатиялық өкілдіктің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты.
Шавкат Мирзиеев пен Илһам Алиев Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған дипломаттардың тиімді қызметі үшін жасалған жағдайлармен танысты.
Елшілік залдары Өзбекстан облыстарының атымен аталды. Өзбекстан Президенті залдардың біріне екі ел халқы арасындағы достық пен бірліктің символы ретінде “Қарабақ” атауын беруді ұсынды.
Президенттер шара соңында Елшіліктің Құрметті қонақтары кітабына тілектерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.



















