Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырыс қорытындыланды.
Саммит қорытындысы бойынша Достастық елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды. Мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында баяндама жасап, сөзінің соңында 2024 жылы Ресей Федерациясының ТМД-ға төрағалық етуі және кезекті саммитті келесі жылы күзде Мәскеуде өткізу туралы шешімді қолдады.
Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті ТМД-ның Құрмет белгісімен марапаттау туралы Қырғызстанның бастамасын құптады.
Айта кетсек, 13 қазанда Бішкекте Тәуелсіз мемлекеттер достағы елдері мемлекет басшыларының саммиті өтті. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің президенттері саммитке қатысу үшін Қырғызстан астанасы Бішкекке келді.
Саммитке Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатыспады.



















