Ислам революциясының діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи елінің сотталған 2 мыңнан астам азаматына рақымшылық жасауға немесе өтеп жатқан жазаларының мерзімін азайтуға келісті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Наурыз мерекесі мен Ораза айтқа орай, Иран Сот билігінің басшысы Ғоламхосейн Мохсени Ежейидің сотталған 2000-нан астам адамды кешіру, жазаларын азайту және жеңілдету туралы өтінішіне келісім білдірді.
Айта кетейік, Иран Сот билігінің басшысы Ғоламохсейн Мохсени Ежейи Ислам революциясының жетекшісіне жолдаған хатында қоғамдық және революциялық соттар, үкіметтік қылмыстық-атқару ұйымы және қарулы күштердің сот ұйымы соттаған 2127 адамға амнистия жариялануын, жазасын қысқартуды және жазаны жеңілдетуді сұрады.


















