Бүгін Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына ресми сапармен келді.
Евразия Тудейдің «Khovar» NIAT агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Душанбе халықаралық әуежайында Гурбангулы Бердімұхамедовты Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода және басқа да осы елдің шенеуніктері қарсы алды.
Гурбангулы Бердімұхамедовтың сапары аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу және ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.
Сондай-ақ, сапар бағдарламасы аясында Түркіменстан халқының Ұлттық көшбасшысы Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали және осы елдің Премьер-министрі Кохир Расулзодамен кездесіп, Түркіменстан мен Тәжікстан өнер шеберлерінің бірлескен «Достық кеші» атты концерттік бағдарламасына қатысады.
Гурбангулы Бердімұхамедов Тәжікстанға соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуі кезінде келді.


















