Израиль мен оның қамқоршылары тағы бір сұмдық халықаралық лаңкестік әрекет жасады.
Олар бірнеше жыл қатарынан соғыс ашатындарын жарияламай, барлық нормалар мен ережелерді менсінбей, онсыз да шетелдік күштердің салдарынан азамат соғысында үлкен шығынға ұшырап отырған Сирияға әуе шабуылдарын жасады.
Бұл қылмыскерлер енді мемлекет қайраткерлерінің бетперделерін киіп, алға ігерілеуде. Бұл жолы олардың зымырандық соққысының нысаны Дамаск қаласындағы Иран консулдығы болды.
Осылайша, еврейлердің әрекеті бірден бірнеше «қызыл сызықтан» өтті.
Біріншіден, дипломатиялық өкілдіктердің үй-жайларына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын және басқа да бірқатар халықаралық келісімді өрескел бұзды.
Бұл ретте Израиль басшылығы өзінің заңсыз әрекетімен адамзат әзірлеген ережелерге сәйкес өмір сүргісі келмейтін, әлемнен аластатылған ел мәртебесін дәлелдеді.
Екіншіден, Иранның әскери кеңесшілері, соның ішінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының (ИРСК) генералдары қылмыстық шабуылдың құрбаны болды. Олар Сирияның заңды үкіметінің шақыруымен он жылдан астам уақыт бойы осы елде ДАИШ сынды лаңкестік топтармен күресуге көмектесіп жүрді.
Иранның әскери миссиясының үлесін асыра бағалау мүмкін емес. Соның арқасында ДАИШ қандықол тобының Батыс Азиядағы кең аумақтарды бақылауы тоқтатылды. Лаңкестердің қалғаны бүгінде шөлді жерлерде жасырынып жатыр.
Иранның әскери басшыларын өлтіру арқылы Израиль өзінің кімнің жағында екенін көрсетті. Еврейлер ДАИШ-тың адамгершіліктен кенде бұзақылары сияқты әрекет етеді.
Бұл әрекеттердің басты себебі қорқынышта. Шамамен жарты жыл бұрын Израиль Газа секторына басып кіріп, ол жерді өлім мен қирандылар мекеніне айналдырды.
Нетаньяху үкіметі бұл қырғыннан бірден бірнеше мақсатқа жетуді көздеді, яғни, сыбайлас жемқорлық үшін қудалауды белгісіз мерзімге жылжыту, тіпті толығымен тоқтату, сот реформасына наразылық толқынын тоқтату, сондай-ақ, Газа секторын жермен-жексен етіп, оның тұрғындарын қуып жіберу арқылы палестиналық қарсылықты қанға бөктіру. Бұл міндеттердің барлығын сәтсіздік деп санауға болады.
Дегенмен Израиль армиясы тұрақты қорғанысқа тап болды. Палестина халқы геноцидтің өршуіне қарамастан, басқыншының алдында бас иген жоқ. Бүкіл әлемде Палестинаны қолдайтын шерулер өтіп жатыр. БҰҰ мүшелері атысты тоқтатуды бірауыздан қолдап отыр.
Нетаньяху өзінің ең жақын одақтасы АҚШ үшін де қолайсыз болып отыр. Бұл Вашингтонның мұсылман әлеміндегі позициясы мен «демократия мен адам құқығын қорғаушы» ретіндегі имиджін бұзды.
Нәтижесінде Батыс Израильдегі Үкіметтің ауысуын жақтауда. Мұны Нетаньяхудың саяси қарсыласы Бени Ганцтың АҚШ пен Ұлыбританияға сапары дәлелдеді. Онымен АҚШ вице-президенті Камала Харрис, Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон кездесіп, ерекше ықыласпен қабылдады.
Израильде жүргізілген сауалнамалар қазіргі коалицияның оңбай жеңіліске ұшырағанын, Ганц партиясы мен оның одақтастарының сенімді жеңісін көрсетеді. Бұл Нетаньяхудың саяси мансабының аяқталуын, тіпті жақын арада оның бас бостандығынан айырылатынын білдіреді.
7 қазаннан кейін тынышталған жаппай наразылықтар жаңа күшпен қайта басталды. Наразылық танытушылар мерзімінен бұрын сайлау өткізуді, Нетаньяхудың отставкасы мен Газа секторындағы геноцидті тоқтатуды талап етуде.
Ең үлкен қойылым Израильдің Дамаскке қарсы соққысы болды. Бұны қарапайым кездейсоқтық деп санауға да келмейді.
Өзіне қауіп төніп тұрғанын сезген Нетаньяху үрей танытуда. Ол өзінің саяси құлдырау сәтін кейінге қалдыру үшін Палестинадан да үлкен қылмыстарға баруға дайын. Иранмен ашық қақтығысты бастауы оның қабынған қиялын білдіреді. Нетаньяху және оның серіктестері мұның Израиль үшін апат боларына алаңдап та тұрған жоқ. Олар өз амбициялары үшін ел мен халықты құрбан етуге дағдыланған. Бірақ кінәні тек Нетаньяху мен Израильге артып қою бұрыс болар.
Егер олар ондаған жыл бойы АҚШ-тың, жалпы Батыстың ең күшті қолдауын сезінбесе, ешқашан мұндай өрескелдікке бармас еді. Бұл — Батыс Азияны бақылау үшін империализмнің агрессивті жыртқыш еврейлерге берген сабағы.
Жаһандық капитал Израильдің осындай бейнесін құрды. Шын мәнінде, Израиль билігі Батыста бұрыннан келе жатқан қылмыстар мен заңсыздықтардың жолын қайталап келеді. Мысалы, Дамаскке соққы жасалғанға дейін тура 25 жыл бұрын, яғни, 1999 жылдың көктемінде АҚШ Белградтағы Қытай елшілігін бомбалады.
Олардың Югославияға жасаған шабуылдары сол кезде мыңдаған адамның өмірін қиды. Ал Ирак, Ауғанстан, Ливия, Йемен мен генерал Қасем Сүлейманидің қастандықпен өлтірілуі ше? Батыс -лаңкестер өркениеті, Израиль оның үлгілі шәкірті.
Бүгінде Вашингтон одақтасына қарсы айқын сөгістерге қарамастан, оның қанды қылмыстарын қолдап отыр. Ол Израильге өлімге себеп болатын қару-жарақ беріп, оны жауапқа тартудан құтқарып, ең қорқынышты қатыгездіктеріне көзжұмбайлық танытып отыр. Сондықтан АҚШ пен Батыс Иран консулдығына жасалған шабуыл үшін жауап береді.
Осындай жағдайда бүкіл әлем варварлық және ақтауға келмейтін шабуылды айыптауда. Аймақ пен бүкіл адамзатты жаңа қатыгез қақтығысқа тарту әрекеттеріне шешуші және нық түрде «Жоқ!» деп айту керек.
Автор Сергей Кожемякин

















