Иран СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһиан германиялық әріптесімен телефон арқылы сұхбатта агрессорды жазалау мақсатында заңды қорғаныс қажет екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһиан германиялық әріптесімен телефон арқылы сұхбатта Израиль режимі халықаралық құқық пен Вена конвенцияларын бұзу арқылы жеке адамдар мен дипломатиялық нысандардыңиммунитетін толығымен бұзған кезде агрессорды жазалау мақсатында заңды қорғаныс қажет екенін қуаттады.
Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок пен Иран Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһиан телефон арқылы әңгімелесу кезінде аймақтағы соңғы оқиғалар мен екіжақты қатынасты талқылап, диалог жолын сақтау қажеттігін қуаттады.
Абдуллаһиан сионистік режимнің Дамасктегі Иран Ислам Республикасы елшілігінің консулдық бөліміне жасаған лаңкестік әуе шабуылынан жеті ресми әскери кеңесшісінің қаза болуына сілтеме жасап: «Иран Ислам Республикасының сыртқы саясаты әрқашан шиеленісті болдырмауға негізделген», — деді.
Иран Сыртқы істер министрі Германияның Израиль режимінің соңғы қылмысын ашық түрде айыптауын күтетінін айтты. Ол: «Егер Украина аймағындағы дипломатиялық нысандардың біріне осындай зымыран соққысы жасалса, АҚШ пен Еуропаның реакциясы дәл осылай болар ма еді?» деген сұрақ қойып: «Израиль — оккупациялық режим, ал Палестина заңды қорғанысқа құқылы. Бұл бағытта қазіргі мәселелерді шешудің жалғыз жолы — Газа секторындағы геноцид пен әскери қылмыстарды тоқтату»,- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Абдуллаһиан Германия Сыртқы істер министрінің Газа секторындағы атысты тоқтату туралы сөзіне сілтеме жасап, Германияның Газадағы атысты тоқтату режимін орнату жөніндегі күш-жігерінің сәтсіздігінің себебін геноцидке қатысты Берлиннің бейтараптық элеметтерінен кенделігінен іздеу керек деді.
Абдуллаһиан Теһран мен Берлин қатынасындағы түсініспеушіліктердің шешілуін құптап: «Германия Иранға тағылған негізсіз айыптауларды қайталамайды және әйелдердің құқықтары үнемі тапталған Газа секторы мен әлемнің басқа бөліктеріндегі мыңдаған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғайды деп күтеміз»,- деді.
Германия Сыртқы істер министрі Ораза айт мерекесінің келуімен құттықтап, Ораза айттың бейбітшілік жеткізуші екенін атап өтті. Ол осы шиеленісті жағдайларда Германияның Иран Ислам Республикасынан ұстамдылық танытуды сұрайтынын жеткізді.
Анналена Бербок Израиль режимінің Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасаған шабуылы жөнінде: «Біз дипломатиялық нысандардың толық иммунитетке ие екенін нақты мәлімдедік», — деді.
Сонымен қатар Германия Сыртқы істер министрі елінің үкіметі Газа секторындағы соғысты саяси шешім жолы арқылы тоқтатуға күш салып жатқанын жеткізді.



















