Иран мен Ресей парламенттік достық тобының жетекшісі Мәскеуде БРИКС-ке мүше елдердің парламенттік бірлескен отырысының басталғаны туралы хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, бұл туралы деректі БРИКС-ке мүше елдердің парламенттік бірлескен отырысына қатысу мақсатында Ресей астанасы Мәскеу қаласына сапармен барған Ибраһим Резаи тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Резаи биылғы жылы Ресей аумағында өтетін БРИКС-ке мүше мемлекеттердің оныншы парламенттік форумының күн тәртібінің, оның бағдарламасы мен өткізу форматының ықтимал мәселелері талқыланатын Мәскеудегі отырыстың Иранның қатысуымен басталғанын айтты.
Парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі сөзінің жалғасында БРИКС-ке төрағалық ету биыл Оңтүстік Африкадан Ресейге өткенін атап өтті.
Кездесуге Үндістан, Мысыр, БАӘ, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка, Эфиопия, Бразилия, Қытай және ұйымға мүше басқа да мемлекеттер қатысуда.
БРИКС халықаралық ұйымы жаңа дамып келе жатқан Бразилия, Ресей, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Африка сынды бес экономикалық державадан құралған. Олар жер аумағының 30 пайыздан астамын, әлем халқының жартысын және әлемдік экономикалық державаның 30 пайыздан астамын құрайды. Ұйымның әлемдік экономикаға әсер ету қабілеті жоғары және трансаймақтық ынтымақтастық саласында үлкен маңызға ие.
2024 жылғы қаңтар айында БРИКС-ке Иран, Аргентина, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Эфиопия және Мысыр жаңа мүше болып кірді.


















