Американың Bloomberg желісі Вашингтонның өз одақтастарына Қытайдың Ресейге, соның ішінде кеңістіктік-географиялық деректер ұсыну арқылы қолдауын күшейтіп жатқаны туралы ескерткенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Bloomberg желісі осы мәселемен таныс дереккөздер негізінде Қытай мен Ресей арасындағы әскери ұқсастық белгілері бар екенін және танк жасау үшін әскери өнеркәсіпке қажет микроэлектроника мен станоктарды бергені жөнінде жазды.
Дереккөздердің бірі Қытайдың қолдауына Ресейге зымырандарға арналған оптикалық жабдық, қабілетті зымыран қозғалтқыштар және ғарыш саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі қамтылғанын хабарлады.
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Эдриенн Уотсон АҚШ президенті Джо Байденнің жуырда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен сөйлесуінен кейін Қытайдың Ресейді, соның ішінде станоктар, оптикалық және микроэлектроника жабдықтарымен, нитроцеллюлоза және турбоагрегат қозғалтқыштарымен қолдауына қатысты алаңдаушылық білдіргенін мәлімдеді.
Бейжің үшінші жыл бойы жалғасып келе жатқан Ресей мен Украина соғысы кезінде бейтарап ұстанымға ие. Соған қарамастан, Қытай Мәскеумен берік коалиция құрды. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары қарсаңындағы кездесу кезінде екі ел арасында «шектеусіз» достықтың орнағанын атап өтті.
2023 жылы Қытай мен Ресей арасындағы тауар айналымы рекордтық 240 миллиард долларға жетті.
Өткен жылы Джо Байден әкімшілігі Қытайдың бір компаниясына «Спутниктен түсірілген суреттерді ресейлік технологиялық компанияға берді. Бұл компания суреттерді «Вагнер» жеке әскери компаниясына жіберді» деген сылтаумен санкция салды.
Bloomberg агенттігі сілтеме жасаған дереккөздері Қытайдың Ресейге қолдауы соңғы айларда күшейгенін білдіреді. Дереккөздерінің бірі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен соңғы күндері еуропалық одақтастарына Қытайдың Ресейді қолдауының ауқымы мен маңыздылығы және оны ұстап тұру үшін көбірек жұмыс атқару қажеттігі туралы мәлімдегенін хабарлады.
Тағы бір дереккөзі Блинкен АҚШ одақтастарын бұл мәселені Қытаймен тікелей талқылауға және қытайлық компаниялар мен мекемелерге қарсы шара қабылдауға шақырғанын хабарлады.
Сонымен қатар хабарламаларда келтірілген дереккөздер АҚШ пен одақтастары өздерінің алаңдаушылықтарын Бейжіңге жеткізуге және Қытайдың Ресей қорғаныс базасына қолдауына қарсы әрекеттерін күшейтуге тырысып жатқанын хабарлады.
Сенбі күні АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен Қытайға барғанда, егер Украинамен соғыста компаниялардың, соның ішінде қытайлық компаниялардың Мәскеу әскери-өнеркәсіптік базасында материалдық қолдауы анықталған жағдайда елеулі зардапқа тап болатынын мәлімдеді.
Екінші жағынан, Financial Times басылымы Қытайға қарсы тұру мақсатында AUKUS деп аталатын қауіпсіздік серіктестігін жасаған АҚШ, Ұлыбритания және Аустралия дүйсенбі күні шартқа жаңа мүшелерді тарту туралы келіссөздерді жариялауға ниетті екенін хабарлады.
Басылым сенбі күні дереккөздеріне сілтеме жасап, AUKUS қауіпсіздік альянсының қорғаныс министрлері шарттың 2-тармағына сілтеме жасауға бейілді екенін, оның мүшелері кванттық есептеулерді, сүңгуір кемелер мен гиперсоникалық жабдықтарды, жасанды интеллектті және кибер-технологияларды бөлісуге міндеттеме қабылдайтынын хабарлады.
AUKUS мүшелерінің қорғаныс министрлері кеше, дүйсенбі күні шарттың 2-ші тармағын кеңейту туралы келіссөздерді бастайтынын мәлімдеді.
Financial Times басылымы олардың Аустралияға атомдық сүңгуір кемелерін жеткізуге арналған 1-тармақты кеңейту ойы жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Джо Байденнің сәрсенбі күні Ақ үйде Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуі және бейсенбі күнгі АҚШ, Жапония және Филиппин арасындағы тарихи үшжақты саммит қарсаңында жасалып отыр.
АҚШ мен Жапония сәрсенбі күні қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету саласындағы 1960 жылдан бергі ең ауқымды жаңарту жоспарын жарияламақ.
Financial Times басылымының хабарлауынша, AUKUS мүшелері Жапонияның ресми түрде қосылуын талап еткен АҚШ шенеуніктерінің қысымынан кейін одақты кеңейту туралы келіссөздерді бастауға уәде берген.
2021 жылы одақ жүзеге асырылған кезде келешекте келісімнің 2-ші тармағына сәйкес жаңа мүшелерді қосу туралы келіссөздер жүргізуге уәде берілді.
Деректерге сәйкес, AUKUS мүшелерінің маңызды одақтасы саналатын Жапония мүшелікке үміткер ретінде ұсынылған.
Одақ мүшелерінің шарттың 2-тармағы бойынша Токионың қосылу туралы өтінішіне қатысты болжамы АҚШ-тың Токиодағы елшісі Рам Эмануэльдің жуырда Жапонияның алғашқы жаңа серіктес болу алдында тұрғаны жөніндегі мәлімдемесінен кейін пайда болды.
2023 жылы үш ел жариялаған AUKUS келісімі олардың Қытайдың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы дамып келе жатқан державасына қарсы тұру жөніндегі күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады. Қытай бұл келісімді қауіпті деп атап, бұл аймақтық қару-жарақ бәсекелестігіне түрткі болуы мүмкін екенін ескертті.
Екінші жағынан, АҚШ президенті Джо Байден Қытайдың әскери позициялары мен аймақтық ықпалын нығайтудың тарихи процесінен кейін Азиядағы, соның ішінде Жапония мен Филиппиндегі АҚШ-тың одақтастарымен серіктестікті нығайту саясатын қабылдады.
АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Рам Эмануэль The Wall Street Journal журналында жарияланған мақаласында Жапонияның AUKUS шартының 2-тармағы бойынша алғашқы жаңа серіктесі болуға құлықты екенін жазды.
АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды шенеунігі Reuters агенттігіне Жапонияның AUKUS-пен серіктестігі туралы осы аптада қандай да бір хабарландыру жасалуы мүмкін екенін айтты. Алайда бұл жөнінде егжей-тегжейлі айтылмады.
Бұл мәселемен таныс дереккөзі Джо Байден мен Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида осы аптадағы сәрсенбі күнгі Вашингтонда өтетін кездесуі кезінде Жапонияның одаққа кіруі мақсатында AUKUS-тың кеңеюін талқылайтынын хабарлады.
Атын атамауды өтінген дереккөзі Аустралияға атомдық сүңгуір кемелерін жеткізуде одан әрі ілгерілеушілікке қол жеткізілгенге дейін AUKUS шарты бойынша жаңа жобалардың басталуына алаңдайтынын мәлімдеді.



















