Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі аясында белоруссиялық әріптесімен кездесті.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Ұлттық қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысына қатысу үшін Астанаға келген сапарында белоруссиялық әріптесімен кездесті.
Кездесу барысында Иран мен Беларусь Ұлттық қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары екі ел президенттерінің тілектерін ескеріп, саяси, қауіпсіздік, экономикалық және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтың Жол картасы мен перспективаларын зерттеп, әзірлеуге уағдаласты.
Айта кетсек, 2-3 сәуір күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 19-шы кездесуі өтті.


















