Колумбия президенті Густаво Петро Боготаның Тель-Авивпен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтататынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Sputnik Mundo агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кеше Колумбия Сыртқы істер министрлігі осы елдің президенті Густаво Петроның Израиль режимімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы мәлімдемесіне пікір білдіріп, бұл шешімнің дипломатиялық байланыстарды үзуге бағытталғанын атады.
Министрлік мәлімдемесінде Колумбияның өмірді құрметтеуге, бейбітшілікті нығайтуға және Палестина мәселесінде екі мемлекеттің қатар өмір сүруіне ықпал етуге деген ұмтылысы атап көрсетілген. Бұл ресми мәлімдемеде Колумбия өзін осылай ұстайтын және геноцид, әскери қылмыстар және халықаралық гуманитарлық құқықты бұзған сионистік режиммен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтататыны айтылады.
Колумбияның Сыртқы істер министрлігі Колумбияның Тель-Авивтегі дипломатиялық қызметкерлері Израильмен дипломатиялық қатынастар үзілгеннен кейін еліне оралатындығын мәлімдеді.
СІМ мәлімдемесінде Израиль тарапына Густаво Петро жариялаған шараның ауқымы туралы ресми арналар бойынша хабарланатыны көрсетілген.
Сонымен қатар Колумбия СІМ Израильге бірнеше рет атысты тоқтатуды, кепілге алынғандарды дереу босатуды және Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуде кедергі келтірмеуді талап еткенін атап: «Өкінішке орай, Колумбияның да, халықаралық қауымдастықтың да үндеулері еленбеді. Керісінше, ел мен президент Густаво Петроның Израиль тарапынан алған жалғыз нәрсесі – қорлау мен бұрмаланған айыптаулар», — деді.
1 мамыр күні Колумбия президенті Густаво Петро 2 мамырдан бастап бұл ел Израильмен дипломатиялық қатынастарын үзетінін айтты.



















