Бүгін, 26 сәуір күні Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Амир Аштиани Қазақстанға келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Амир Аштиани Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кездесуіне қатысу мақсатында Тегераннан Қазақстан астанасы Астана қаласына келді.
Амир Аштиани сапарының маңызды жоспарларының бірі кездесуге қатысып, баяндама жасау және шараға қатысушы қорғаныс министрлерімен келіссөздер жүргізу болып табылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) -көпжақты қауіпсіздік, экономикалық және саяси ынтымақтастық үшін құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым.
Шанхай ұйымының мүмкіндіктерін күшейту және сенімділікті арттыру, сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттермен қорғаныс және әскери ынтымақтастықты дамыту жөніндегі әлеуетін пайдалану Иран Ислам Республикасы мен басқа елдер үшін қорғаныс және әскери салаларда жаңа мүмкіндіктер туғызды.


















