Иранның грек-рим күресінен құрама командасы Қырғызстан астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының біріншілігінде көшбасшы атанды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ираннан келген спортшылар екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Иран командасының қоржынына 87 кг және 130 кг салмақ дәрежесіндегі алтын медальды Насер Әлизаде мен Амин Мирзазаде салды.
Күміс пен қола медальдарды 55 кг салмақ дәрежесіндегі Сулат Дад Марз бен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Иман Хоссейн Мохаммади алды.
Азия біріншілігінде екінші орынға 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен Жапония жайғасса, үшінші орынға 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен Қазақстан табан тіреді.
Бұған дейін Иранның еркін күрестен ұлттық құрамасы 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында Рахман Амузад 65 келіде, Амир Мохаммед Яздани 70 кг, Мохаммад Нохуди 79 кг, Амир Хоссейн Фирозпур 92 кг және Амир Хоссейн Заре 125 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иегерлері атанды.
Хоссейн Абу Зари 74 келіде, Хади Вафаипур 86 келіде және Мохаммад Хусейн Мохаммадиан 97 келіде қола медаль жеңіп алып, чемпион атанды.


















