Иран үкіметі жаңартылатын энергия көзін 10 мың мегаваттқа ұлғайтудың төрт жылдық жоспарын жариялап, елді аймақта электр энергиясын экспорттаушы орталыққа айналдыруды көздеп отыр.
Евразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның 13-ші үкіметі елде жаңартылатын энергия көзін ұлғайтуға күш салуда.
Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Меһрабианның айтуы бойынша, Иран электр станцияларында электр қуатын өндіруді 35 мың мегаваттқа арттыруды көздеп отыр. Оның 10 мың мегаватты жаңартылатын энергия көзінен алынады.
Иранның Энергетика министрінің айтуы бойынша, Иранның жаңартылатын энергетиканы дамыту нарығы — инвесторлар үшін өте тартымды әрі Иранның жаңартылатын энергия көзінің, соның ішінде күн, жел, биотехнология және геотермальды энергия көзінің жоғары мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау үшін тиімді мүмкіндік.
Әли Акбар Меһрабиан осы ретте шетелдік инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы заңның қолданылғанын тілге тиек етіп, жаңартылатын энергия көздері инвесторларға жаңартылатын энергия фермаларын құру үшін жақсы экономикалық мүмкіндік беретінін атап өтті.
Иранның электр энергиясын өндіру және тарату компаниясының басшысы Мұстафа Раджаби Машһади бүгінде жаңартылатын энергия көзін пайдалануды дамыту және электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік беруде маңызды қадамдар жасалып жатқанын айтты.


















