Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Қазақстан үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Қазақстан үкіметі мен халқына Қазақстанның басым бөлігіндегі су тасқыны салдарынан болған адами және материалдық шығынға байланысты көңіл айтты.
Канани қайғылы табиғат апатына байланысты Иран Үкіметі мен халқының дос және көршілес Қазақстан Үкіметі мен халқына тілектестігін білдірді.
Көктемде қардың күрт еруіне байланысты Қазақстанның кейбір аймағын су тасқыны басты. Бұл — Қазақстанда көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат. Соңғы деректерге сәйкес, су тасқыны болған аймақтардан 97 мыңнан астам адам, соның ішінде 32 мыңнан астам бала эвакуацияланған.
ТЖМ мәліметінше, су тасқыны салдарымен күреске 215 әуе көлігі тартылды.


















