Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Израильдің мақсатын әлем қауымдастығының назарын Газа секторында болып жатқан оқиғалардан ядролық қауіп ретінде Иранға аудару деп атады.
Лавров: «Газада гуманитарлық апат бар. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашылары қазірдің өзінде геноцид туралы айтып жатыр. Израиль әлемнің назарын қауіп ретінде Иранға аударғысы келеді.
Олар Иранды басқа нәрселермен қатар ядролық қаруды қолданып жасалған шабуылмен байланыстырғысы келеді. Бұл елде ол жоқ. Мұны АҚХА растайды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушылардың арасында Иран ең тексерілген ел», — деді.


















