БРИКС-ке мүше елдердің қаржылық барлау және ақшаны жылыстатуға қарсы орталықтарының басшылары Ресейде бас қосты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БРИКС-ке мүше мемлекеттердің қаржылық барлау және ақшаны жылыстатуға қарсы орталықтары басшыларының отырысы Иран Ислам Республикасының экономика және қаржы министрінің орынбасары және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Жоғарғы кеңес хатшысының қатысуымен басталды.
БРИКС-ке мүше мемлекеттердің қаржылық барлау және ақшаны жылыстатуға қарсы орталықтары басшыларының кездесуі кеше, сәрсенбі күні 24 елдің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Иран Ислам Республикасының қаржылық барлау орталығының басшысы Һади Хани БРИКС-ке мүше мемлекеттердің қаржылық барлау және ақшаны жылыстатуға қарсы орталық басшыларының алғашқы күнгі кездесуінде ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жолында БРИКС-ке мүше мемлекеттер арасындағы қатынастар мен өзара іс-қимылды тереңдету тетіктерін әзірлеу қажеттілігін қуаттады.
Ол сондай-ақ, виртуалды активтерді ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудағы тәуекелдерді азайту тетіктеріне назар аударып, қылмыскерлердің, террористердің және ақшаны жылыстатумен айналысатындардың виртуалды активтерді теріс пайдалануына қарсы күресте ішкі және халықаралық ынтымақтастықтың қажеттігін атап өтті.
Иран Ислам Республикасы өкілінің шара аясында БРИКС-ке мүше мемлекеттердің қаржылық барлау және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бөлімшелерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.
БРИКС-тің ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес кеңесінің отырысында ұйымға мүше елдердің қолда бар әлеуетін ортақ пайдалануда тиімді жоспарлау қажеттігі, атқарушы және реттеуші процестерді үнемі жетілдіруде техникалық және білімдермен алмасу, сараптама және бақылау комитеттерін құру және жалпы жұмыс бағыттары мен ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық форумдарда бір-бірін қолдау қажеттігі туралы мәселелер қаралды.
Шара аясында екіжақты кездесулер жоспарланғандықтан саммит екі күнге жалғасады.


















