Иранның футзалдан ұлттық құрама командасы 13-ші мәрте Азия чемпионатында жеңіске жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, футзалдан Иран ұлттық құрамасы Таиланд елінің Бангкок қаласында өткен Азия елдері кубогының финалдық матчында Таиланд құрамасымен кездесіп, 4-1 басымдықпен 2024 жылғы футзалдан Азия кубогын он үшінші мәрте жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды.
Таиланд бұл жарыста үшінші орынға табан тіреді.
Иран мен Таиланд ұлттық құрамалары бұған дейін әртүрлі жарыстарда бір-бірімен 20 рет кездескен. Кездесулер нәтижесі бойынша Иран 16 рет, Таиланд 3 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ бір кездесуде екі команда арасындағы ойын тең аяқталды.
Айта кетейік, Өзбекстан, Иран, Таиланд, Тәжікстан және Ауғанстан құрамалары 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында Азия құрлығының намысын қорғайтын болады.
Футзал бойынша 2024 жылғы әлем чемпионаты Ташкент қаласында 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған.


















