Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі лауазымына Оңталап Оңалбаев тағайындалды.
Евразия Тудейдің ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 26 наурыздан бастап Оңталап Оңалбаевты Қазақстанның Ирандағы жаңа Елшісі лауазымына тағайындады.
Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев 1966 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Оңталап Оңалбаев парсы және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Бұған дейін Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Асхат Оразбай атқарды. Ол биылғы жылғы қаңтар айында Қазақстанның Ирандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Ирандағы Елшісімен қатар, Солтүстік Македония, Израиль, Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы, Того Республикасындағы елшілері тағайындалды.


















