АҚШ-тың Өкілдер палатасы Украинаға 60 миллиард доллардан астам жаңа көмегін мақұлдаған сәтте Ұлыбритания Киевке ең үлкен әскери көмек пакетін ұсынды.
Еуразия Тудейдің Russia Today телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Батыс елдері Украинаға әскери және қаржылай көмек жіберуді жалғастыруда.
Украина соғысы басталғаннан бері екі жылдан астам уақыт өтсе де бейбітшілікке деген әлі үміт жоқ. Жуырда Вашингтон АҚШ-тың Өкілдер палатасында бірнеше ай бойы талқыланған көмекті мақұлдады. Кремль бұл әрекеттің Украинадағы құрбан болғандар санын көбейтетінін жеткізді.
Ұлыбритания Премьер – министрі Риши Сунак бүгін Варшаваға сапары және поляк әріптесі Дональд Тускпен кездесуі кезінде Лондонның Киевке 500 миллион фунт стерлингтен астам жаңа көмек бағдарламаларын ресми түрде жариялайды.
Сунак мәлімдемесінде: «Украинаны Ресейдің қатыгез амбицияларынан қорғау біздің қауіпсіздігіміз үшін және бүкіл Еуропа үшін өте маңызды. Егер, Ресей президенті Путинге бұл соғыста табысқа жетуге рұқсат етілсе, ол Польша шекарасында тоқтамайды», — деді.
Ұлыбританияның жаңа көмегі тек осы жылдың өзінде Киевке елдің әскери көмегін 3 миллиард фунт стерлингке жеткізеді деп есептеледі. Пакетке 1600 шабуыл және әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары мен 4 миллионға жуық атыс қаруы кіреді.
Сунак сөзінің жалғасында: «Бүгінгі пакет Украинаға Ресеймен соғыс жағдайында қажет нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Ұлыбритания әрқашан ұлттық мүдделерді қорғап, НАТО одақтастарын қолдай отырып, Еуропалық қауіпсіздіктің алдыңғы қатарында өз рөлін атқарады» деді.
Сунактың бұл мәлімдемесі АҚШ Өкілдер палатасы Вашингтонның Украинаға 60 миллиард доллардан астам көмегіне келіскеннен екі күн өткеннен соң жасалды. АҚШ президенті Джо Байден дүйсенбі күні Киевке тез арада қару-жарақ жеткізуге уәде берді.
Украина соғысында әлі бейбітшілік мәселесі айтылмады. Оның одақтастары соғысты бейбіт жолмен шешуге назар аударудың орнына Киевке қару-жарақ жіберуді жалғастыруда. Швейцарияда Украинаның бейбітшілік конференциясын 15-16 маусым аралығында 100-ге жуық елдің қатысуымен өткізу жоспарлануда. Алайда, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Ресейсіз Украинадағы бейбітшілік туралы кез-келген келіссөздердің мағынасыз болатынын айтқан болатын.
2022 жылғы қараша айында Владимир Зеленский өзінің «Бейбітшілік формуласы» деп аталатын 10 тармақтан тұратын бастамасын ұсынды. Бастамаға Ресеймен тұтқындармен толық алмасуы, Украинаның қауіпсіздік кепілдіктері және 2014 жылға дейінгі шекараларға оралу кірді.
Мәскеу соғыс басталғаннан бері Киев Ресей қарулы күштерінің жаңа шекараларын мойындағанға дейін бейбіт келіссөздерді қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеді.



















