Раиси Шри-Ланкада Ума Ойя көпсалалы бөгет пен электр станциясының ашылу салтанатына қатысады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президенті Ибраһим Раиси Пәкістанның Исламабад, Лахор және Карачи деген үш қаласына жасаған 2 күндік ресми сапарынан кейін Шри-Ланка президенті Ранил Викремесингхенің ресми шақыруымен бүгін, сәуірдің 24, сәрсенбі күні таңертең Оңтүстік-Шығыс Азиядағы осы елге бір күндік сапармен аттанды.
Раиси Шри-Ланка президенті сарайындағы ресми қарсы алу шарасына қатысумен қатар ирандық мердігерлер салған 2 бөгет пен қуаты 120 мегаватт электр станциясын қамтитын Ума Ойя көп мақсатты супер жобасының ашылу салтанаты мен оны ресми түрде іске қосатын іс шараға қатысады.
Кеңес берудің, жобалау мен құрылысының барлық кезеңін ирандық инженерлер жүргізген, құны шамамен 500 миллион долларды құрайтын бұл көп мақсатты жоба Шри-Ланканың оңтүстік-шығысындағы ең ірі құрылыс жобаларының бірі саналады.
Ума Ойя электр стансасы жылына 290 гигаватт сағат энергия өндіріп, Шри-Ланканың құрғақ оңтүстік-шығыс аймағындағы ауылшаруашылық жерлері үшін 5000-ға қажет суды қамтамасыз етеді. Жаңбырлы аймақтан Шри-Ланканың құрғақ аймақтарына 145 миллион текше метр суды тасымалдау жобаның артықшылықтарының бірі болып табылады.
Бұл бастан-аяқ зерттеу және іске асыру кезеңдерін ирандық инженерлер жүргізген және ирандық компаниялардың техникалық-инженерлік қызметтерін экспорттаудың ең үлкен жобаларының бірі саналады. Құрылысты Шри-Ланка үкіметі қаржыландырды. Құрылысқа 400-ден астам ирандық инженер тартылды.
Қазір Иранның техникалық және инженерлік қуаты су ресурстарын басқару құралдары, соның ішінде дренажды суару желісі, туннельдер мен бөгет құрылысы саласында 100 пайызға жетіп, Иран бұл салада әлемдегі алғашқы 4 елдің қатарына кірді.



















