ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын нақты бір елге емес, бірден үш құрлықтағы алты елге сеніп тапсырды.
Мундиалдың 100 жылдығына арналған матчтар Оңтүстік Америкада басталып, Солтүстік Африка мен Еуропада жалғасын таппақ.
2030 жылы ерлер арасындағы футболдан Әлем чемпионаты кезінде үш құрлықтың алты елінде бірегей форматта ойындар өтеді. Сонымен қатар сол жылы Уругвайда Мундиалдың 100 жылдығы тойланайын деп отыр.
2030 жылдың маусым-шілде айларына жоспарланған 48 командалық турнир Уругвайда, Аргентинада және Парагвайда басталады. Оларды ФИФА «Жүзжылдықтың мерекелік матчтары» деп атап отыр.
Содан кейін чемпионат негізгі қабылдаушы елдерде — Испания, Португалия және Мароккода жалғасын таппақ.
Бұл ойындар кезінде бұрын-соңды болмаған сапарлар жасалады. Адамдар түрлі сағат белдеулерінде түрлі тараптарға жол тартады. Солардың қатарында Буэнос-Айрес пен Мадрид арасындағы 13-сағаттық авиациялық сапар бар.
ФИФА президенті Джанни Инфантино мұны әлем елдерін біріктіру деп түсіндірген.
Алғашқы Әлем чемпионаты 1930 жылы дәл осы Уругвайда өтіп, онда қожайын елдің командасы Мотевидеода Аргентинаны ұтқан еді. Португалия мен Марокко — ешқашан әлем чемпионатын өткізбеген елдер. Ал Испания соңғы рет бұл турнирді 1982 жылы қабылдапты.
ФИФА сондай-ақ 2034 жылғы Әлем чемпионаты Азия немесе Океания аймағында өтетінін,және осы аумақтардағы мүшелерінің турнир өткізуге өтініш беруге шақырылатынын да хабарлады.
Сауд Арабиясы 2034 жылғы чемпионатты өз жерінде ұйымдастыруға ниетті. Биыл желтоқсан айында Саудия футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын қабылдамақ.
Ал 2026 жылғы Әлем чемпионаты Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика өтейін деп отыр.



















