Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы бойынша алдыңғы қатарлы 10 ел туралы ақпарат жарияланды.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы жоғары үлесі – 9,5 миллиард долларды құраған Қытай серіктес елдер арасында көш бастап тұр.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, Қытайдан кейінгі орындарда тауар айналымы тиісінше 7 миллиард және 3,2 миллиард долларды құраған Ресей мен Қазақстан тұр.
Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы бойынша алдыңғы қатарлы 10 ел ішінде Түркия– төртінші орында (2,4 млрд), бесінші орында -Корея (1,7 млрд), Түркіменстан – алтыншы орында ( 830,3 млн), Германия – жетінші орында (784,2 млн), Қырғызстан – сегізінші орында (754 млн), Франция – тоғызыншы орында (659 млн) және Ауғанстан – оныншы орында (615,3 млн) орналасқан.


















