Eurasiatoday
Суббота, 21 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Әуе шабуылдары Иранның барлық қару қорын жоя алмады

  • Америка, Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Сараптама, Саясат
  • 22 июля, 2026 18:20

Loading

Жуырдағы Тегеранның Иорданиядағы әскери базаға жасаған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандар соққысы Иранның әскери әлеуетін сақтап қалғанын дәлелдеді.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл оқиға Таяу Шығыстағы АҚШ күштері мен оның одақтастарына орасан зор қауіп төндіріп отыр.

The Wall Street Journal мәліметінше, Иорданиядағы Муваффак Салти әуе базасына жасалған шабуылдан АҚШ-ның үш әскери қызметшісі қаза тапты.

Тақырыпқа орай:

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Сарапшылардың пайымдауынша, шабуыл кезінде Иран орта қашықтыққа арналған Kheibar Shekan баллистикалық зымырандарын қолданған. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Пентагон басшысы Пит Хегсет Иранның қару-жарақ қоры толығымен жойылғанын мәлімдеген еді. Алайда шынайы жағдай әлдеқайда күрделі болып шықты.

Иранның қару-жарағы жылдар бойы алып жерасты бункерлерінде сақталып келген. АҚШ пен Израиль әскери авиациясы биыл көктемнің басында Иран нысандарына бірнеше апта бойы жаппай әуе шабуылдарын жасап, ауыр стратегиялық бомбалаушы ұшақтар қанатты зымырандарды қолдана отырып, Иран тоннельдерінің кіреберісін қиратып, қару қоймаларын толығымен оқшаулауға тырысты. Соған қарамастан, Иранның инженерлік бөлімшелері үйінділерді қысқа мерзімде тазалап үлгерді. Жерсеріктер арқылы түсірілген суреттер жаздың басына қарай зымыран базаларына апаратын жолдар ашылып, бункерлердің кіреберісі қайта қалпына келтірілгенін көрсетті.

Басылымның мәліметінше, Тегеранның стратегиясы – жағдайды барынша ушықтыру арқылы АҚШ-ын келіссөз үстеліне қайта отырғызу. Бұған қоса, Иран билігі стратегиялық маңызы жоғары Ормұз бұғазын толық бақылауда ұстауды көздейді. Әскери сарапшы Том Караконың айтуынша, Иран армиясы көп жылдар бойы АҚШ-ның әскери тактикасын мұқият зерттеген. Сондықтан елдің әскери инфрақұрылымы ұзаққа созылатын қақтығысқа төтеп беріп, өміршеңдігін сақтайтындай етіп алдын ала жобаланған. АҚШ күштерін осал еткен тағы бір фактор – әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің зақымдануы болды. Алғашқы соққылар өңірдегі негізгі радиолокациялық станцияларды істен шығарып, зымырандар мен дрондардың әуе қорғанысын бұзып өтуін жеңілдетті.

Тегеранның арсеналында тек Kheibar Shekan зымырандары ғана емес, басқа да заманауи қару-жарақ жүйелері сақталған. Ислам революциясы Сақшылар корпусы  Shahed ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әртүрлі баллистикалық зымыран кешендерін белсенді түрде қолдануда. Сарапшылардың пікірінше, аймақтағы шамамен 50 мың америкалық әскери қызметшінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлі де өте күрделі міндет болып отыр. Иранның жерасты әскери инфрақұрылымын қысқа мерзімде қалпына келтіру қабілеті дәлдігі жоғары әуе шабуылдары тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.

Автор: Рами Мадрих

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АҚШӘуе шабуылБаллистикалық зымыраниран
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
АҚШ-тағы ақау салдарынан 17 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды

АҚШ-тағы ақау салдарынан 17 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды

17.11.2026
Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

17.11.2026
Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

16.11.2026
Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды

14.11.2026
АҚШ-тағы жаппай техникалық ақау: Әуе қатынасы уақытша тоқтатылды

АҚШ-тағы жаппай техникалық ақау: Әуе қатынасы уақытша тоқтатылды

14.11.2026

Басты жаңалықтар

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026
Сомали билігі БАӘ елшісінен ел аумағынан кетуді сұрады

Сомали билігі БАӘ елшісінен ел аумағынан кетуді сұрады

20.11.2026
15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
The Telegraph: Иранмен қақтығыс Пентагонды тығырыққа тіреді

The Telegraph: Иранмен қақтығыс Пентагонды тығырыққа тіреді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.