Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн бүгін, 20 сәуірде Ашхабадқа елшілік ашу үшін келді. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтында хабарлады. Ол Израиль үшін Түркіменстанмен қарым-қатынастың маңызды екенін жазды.
The Times of Israel басылымының мәліметі бойынша министр Израильдің іскер делегациясын бастап ресми сапармен жүрген Бакуден тікелей Ашхабадқа барды.
Осы мәлімет бойынша бұл Израиль Сыртқы істер министрінің Түркіменстанға соңғы отыз жылдағы алғашқы сапары. Алдыңғы сапарды 1994 жылы Шимон Перес жасаған болатын. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылғанымен Израиль елшісі 21 жылдан кейін ғана Түркіменстан президентіне сенім грамотасын тапсырды. Содан бері израильдік дипломаттарда елшілік ғимараты болған жоқ, жұмыс жалдамалы үй-жайларда жүргізіліп келген. Бұл Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэннің қатысуымен ашылатын еврей мемлекетінің Түрікменстандағы алғашқы елшілігінің ашылу салтанаты болмақ.
Сапар аясында Коэн Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен, оның үкіметінің бірқатар министрлерімен және еврей қауымының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.



















