Түркияның Суданнан эвакуацияланған азаматтарының алғашқы тобы Ыстамбұл әуежайына келіп жетті.
Ыстамбұл әуежайында эвакуацияланған бір топ азаматты гүл шоқтарымен қарсы алып, оларға су мен жеміс-жидек ұсынды.
Anadolu агенттігінің хабарлауы бойынша Түрік әуе жолдарының THY ұшағы Эфиопияның астанасы Аддис-Абеба әуежайынан 189 түрік азаматын алып шықты. Ұшақ түрік мегаполисіне жергілікті уақыт бойынша бүгін, сәуірдің 26 күні сағат 01.10-да қонды.
Еске салайық, Суданда 15 сәуірден бері армия мен Жедел әрекет ету күштері арасында қақтығыс жалғасып жатыр.



















