8 шілде, сенбі күні Анкарада Түркия мен Украина президенттерінің кездесуі аяқталды. Кездесуден кейін президенттер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Президент Түркия Украинаны қолдауды жалғастыратынын баса айтты. Режеп Тайып Ердоған сөзінде Түркия Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілікке қол жеткізуге жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
«Біз екі ел арасында қақтығыс басталғаннан бері Украинамен ынтымақтастығымызды көрсетіп, көптеген салаларда нақты көмек көрсеттік. Біз сондай — ақ халықаралық құқыққа негізделген келіссөздер арқылы соғысты тоқтату үшін ең қарқынды күш салған ел болдық», — деді Түркия Президенті.
Сондай-ақ Режеп Тайып Ердоған Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесіне де тоқталып, Украинаның НАТО — ға мүшелікке енуіне лайық екендігін жеткізді.
Өз кезегінде Украина Президенті Владимир Зеленский Түркия Президенті мен түрік халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Басты мақсат-біздің Қара теңіз аймағымыздағы және жалпы Еуропадағы қауіпсіздік. Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағаны үшін Түркияға алғыс айтамын»,-деді Украина Президенті.
Еске сала кетсек, Украина Президенті Владимир Зеленский Режеп Тайып Ердоғанның ресми шақыруымен 7 шілдеде Ыстамбұлға жұмыс сапарымен барды. Владимир Зеленский Түркияға ресми сапарына дейін 6 шілдеде Чехияға мемлекеттік сапармен барып, Прагада Чехия Президенті Петр Павелмен кездескен болатын.



















