Ұлттық банк доллардың 10 шілдеге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 443,84 теңге. 5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,58 теңгеге төмендеп, 444, 02 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,90 — 450 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 446,50 — 450 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздің өзге өңірлерінде 448 — 451 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банк бекіткен Ресей рублінің бүгінгі бағамы — 4,90 теңге.



















