ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды.
Ақорданың хабарлауынша сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді.
Еске салайық, 20 тамыздан бастап Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-Тілек-автожол», «Шалдыбар-автожол», «Кең-Бұлұн-автожол» және «Шоң-Қапқа-автожол» тас жолдарында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды.



















