Иран Президенті Ибраһим Раиси жаңа қызметке ресми түрде кіріскен Иранның 9 елдегі жаңа елшілерімен кездесті.
Ибраһим Раиси кездесу барысында Иран Ислам Республикасы өкілдерінің рухани жетекшінің сыртқы саясат саласындағы күн тәртібін орындауға талпынуына тоқталып өтті.
Иран Президенті көптеген елдер Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын екенін ескере отырып, бірқатар елдердегі Иран елшілерінен Иранның мүмкіндіктерін тиімді таныстыру арқылы дипломатиялық қарым-қатынастарды кеңейту және екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық деңгейін жақсарту қажеттігін атап өтті.
Ибраһим Раиси Иранның Венгриядағы, Гвинея-Конакридегі, Нидерландыдағы, Катардағы, Индонезиядағы, Босния және Герцеговинадағы, Малайзиядағы, Өзбекстандағы және Шри-Ланкадағы елшілері алдында сөйлеген сөзінде Иранның сан алуан және құнды мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сонымен қатар Иран Президенті қол қойылған құжаттар мен әртүрлі елдердің президенттерімен қол жеткізілген келісімдердің орындалуына және Иранның ШЫҰ, Еуразиялық одақ және БРИКС тобы сияқты аймақтық ұйымдарға мүшелігіне тоқталып, Иранның осы ұйымдарға мүше елдермен қарым-қатынастарын кеңейту елшілер міндеттерінің бірі екендігін атап өтті.
![]()


















