Басра-Шаламче теміржол желісінің құрылысы Иран президентінің бірінші орынбасары мен Ирак премьер-министрінің қатысуымен басталды.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша ұзындығы 32 шақырым болатын Басра-Шаламче теміржол желісі 18 айда пайдалануға беріледі.
Жобаның 16 шақырымын Шаламчеде Иранның теміржол компаниясы, ал 16 шақырымын Ирак үкіметі салады.
Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани мен Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер сенбі күні екі елдің ортақ шекарасында Басра-Шаламче темір жолының құрылысын бастау рәсімінде кездесті.
![]()


















