Иран Ресейден Як-130 оқу-әскери ұшақтарын алды. Иранның IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ресейлік Як-130 ұшақтары жаңа үлгідегі жойғыш ұшақтарында ұшатын ұшқыштарды дайындау кезінде пайдаланады.
Ресейдің Иранға қанша Як-130 ұшағын бергені әзірге белгісіз. Ұшақтар Исфахан қаласындағы шахид Бабай әуе базасына әкелінген. Осылайша соңғы 20 жылда Иран шетелден алғаш рет әскери ұшақ сатып алып отыр.
Бұл Иранда әскери әлеуеттің артқанын көрсетеді. Як-130 ұшақтарының Иран армиясының әуе күштеріне тапсырылуы Ресеймен қару-жарақ келісімшарттары аясында жүзеге асырылды.
Як-130 ұшағы — Яковлев атындағы тәжірибе-құрастыру бюросында италиялық Aermacchi компаниясымен бірге жасап шығарылған ресейлік оқу-әскери ұшағы.


















