Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде Норвегияның Ауғанстан бойынша арнайы өкілімен кездесу өтті.
Өзбекстан СІМ хабарлауы бойынша 2023 жылғы 4 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашев Норвегияның Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Кьел-Гуннар Эриксенмен кездесті.
К.Эриксен Өзбекстанның Ауғанстанға қатысты шоғырландырылған өңірлік ұстанымын дамыту, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Ауғанстанның ұлттық экономикасын қалпына келтіру мәселесі, елдің өңірлік өзара байланыс үдерісіне қатысу перспективалары жөнінде пікір алмасу болды.
Кездесуге Норвегияның Өзбекстандағы Елшісі (резиденциясы Ослода) Джон Микала Квистад та қатысты.




















