Иран мұнайының экспорты ағымдағы жылдың тамыз айында тәулігіне 1 миллион 850 мың баррельге жетті. Бұл жыл басынан бері 54 пайызға артық. Бұл туралы IRNA агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлады.
2023 жылдың қаңтар айында Иран тәулігіне 1,2 миллион баррель шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттаса, тамызда бұл көрсеткіш тәулігіне 1,85 миллион баррельге дейін өсті.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, тамыз айында Иран тәулігіне 1,7 миллион баррель шикі мұнай мен 152 мың баррель газ конденсатын экспорттады.
Тамыз айында Иранның мұнай экспорты ел күніне 1,34 миллион баррель шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттаған шілде айына қарағанда 38 пайызға өскен.


















