2023 жылғы қаңтар мен маусым аралығында Өзбекстан қалаларына 240 мыңнан астам турист келген.
Өзбекстан ресейлік туристер үшін барған сайын танымал туристік бағытқа айналуда.
Ресей туроператорлар қауымдастығының (ATOR) мәліметінше, Өзбекстанда демалуға бағытталған сұраныс ұсыныстан асып түскен.
2022 жылы Өзбекстанға әртүрлі елдерден 5,2 миллионнан астам турист келген және олардың 567 мыңы ресейліктер.
Өзбекстанға Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан туристерімен қатар Үндістан, Қытай, Еуропа, Жапония және Кореядан саяхатшылар да көптеп баруда.
Өзбекстан елі 2023 жылдың қорытындысы бойынша туристер саны 7 млн. адамға дейін өседі деп күтеді.
Өзбекстан ресейліктер үшін бірнеше себептерге байланысты тиімді. Біріншіден, елге бару үшін виза қажет емес, ресейліктер тек төлқұжат арқылы елге кіре алады. Екіншіден, Мәскеуден Ташкентке күн сайын 6-10 тікелей рейс ұшады. Өзбекстан мен Ресей арасында апта сайын шамамен 250 рейс қатынайды. Үшіншіден, Өзбекстанда туристер тамашалайтын көптеген орындар бар.
Жалпы, Өзбекстанда тарихи және мәдени маңызы бар 7400-ден астам нысан бар.
Сондай-ақ Өзбекстанға келген ресейлік саяхатшы үшін өзбек тілін білу де қажет емес. Өзбекстанда орыс тілінде еркін елдің тұрғындарымен тілдесе алады.
Сарапшылардың пікірінше Өзбекстанның іскерлік туризм үшін болашағы зор. 2022 жылы Самарқандта өткен ШЫҰ саммиті осының дәлелі.



















