2023 жылы Беларусь автомобиль өндірісі жаңа деңгейге жетті. «Юнисон» Беларусь кәсіпорны қытайлық серіктестерімен бірлесе Hongqi (Хунцы) брендімен жеңіл автомобильдер шығаруды бастады.
Беларусь Өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Александр Огородниковтың сөзінше, алғашқы 36 көлік жиынтығы қазіргі таңда зауытта. Кәсіпорын 2023 жылдың соңына дейін кемінде 1 мың бірлік шығаруды мақсат етіп отыр.
Hongqi бренді – China FAW Group компаниясының премиум және люкс санаттағы көліктері. 65 жыл бұрын конвейрге түскен марка әлі күнге дейін танмалдылыққа ие.
Бренд дәстүрлі шығыс және әлемдік мәдениеттің тектілігі, талғампаздығына баса назар аудартады. Көліктер заманауи технологиямен жабдықталған және сапасы әлемдік стандартқа сай.
Бұл бренд бұрын тек мемлекет басшыларына, жоғары лауазымды қызметкер мен дипломаттарға арналған. Бүгінде Hongqi бренді әлемнің 13 елінде ресми сатылады.
Жалпы биылғы жылдың бірінші тоқсанында қытай әлемдік көлік экспорты бойынша көш бастады. Бұл қытайлық көліктердің сапалы әрі қолжетімді екенін көрсетеді.
Қытайлық премиум санаттағы Hongqi бренді Қазақстанда да сатылады.



















